Арланның ұрпағы

Үлкен мекенжайда тіршілік етіп жатқан Бәк атты итті жайлы қонысынан ұрлап кетеді.Солтүстік Канаданың суық ауа райында басқа иттермен бір қатарда жүріп адамдар мен жүк тасуға тура келген Бәк жаңа қырынан ашыла бастайды. Түрлі адамның иелігінде болып, олардың итке деген қарым-қатынасынан өмірдің қандай екенін үйренеді. Аязды мекенде сағы сынбай, нағыз тағы болып шығуына ата-бабасының қаны мен рухы жігерлендіріп, нағыз арлан екенін табиғатқа дәлелдейді. Адам мен иттің достығы, қатардағы әрбір иттің қайсарлығы мен жабайы табиғаттың заңдары оқырманды алғашқы беттен-ақ қызықтырады.