Адам болғым келеді

Авторы: Нұрсәуле Тілдабай Сынып: 5Сериясы: Құндылықтар

Халел балалық шағының қызығын көріп, ойнап, күліп жалығады. Ол өсе келе тұйық, ешкімді өміріне араластырғысы келмейтін жасөспірімге айнала бастайды. Ата-бабасынан дәрігер болған ата-анасы баласын түзеу мақсатында “біздің отбасы абыройлы дәрігерлерден тұрады. Сен де өскенде ең үздік дәрігер атанып, ауруханамызды басқаратын боласың” деп құлағына құяды. Халел кім болғысы келетінін білмесе де, дәрігер болғысы келмейтінін жақсы білетін. Анасының қысымынан шаршаған бала, өзіне сұрақ қоя бастайды. Осылай оның дамуға деген саяхаты басталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *