Біз туралы

Әр оқушыны сапалы әрі заман талабына сай оқу құралдарымен қамтамасыз етеміз

«Астана-кітап» баспасы 2010 жылы ашылған. Баспаның негізгі мақсаты – оқушыларды сапалы әрі заман талабына сай оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

Баспа алғашқы қадамын талапкерлерге арналған дайындық оқу-құралдары және балалар әдебиетімен бастады. 2015 жылдан бастап, Елбасының ұсынған үштілділік саясатын қолдау, үш тілде білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында, «Астана-кітап» баспасы қостілді оқулықтар жобасын бастады. «Астана-кітап» негізгі орта білім беру мекемелеріндегі жаратылыстану пәндерін жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес қостілді оқулықтармен қамтамасыз ететін бірден-бір баспа.

Баспа бұдан бөлек бастауыш мектеп оқушыларына арналған қазақ және ағылшын тілдерінде әдеби кітаптар шығарады. Бұл кітаптардың ерекшелігі оқушының тіл деңгейіне қарай жазылуында.

Баспа авторлары еліміздің және шетелдің (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания) беделді университеттерін тәмамдаған білікті мамандар мен тәжірибелі ұстаздардан құралған. Авторларымыз біліктілігін арттыру, оқулық жазу саласындағы соңғы жаңалықтармен танысу мақсатында семинар-тренингтерге, курстарға жүйелі түрде қатысып, шетелдік серіктес баспалармен тәжірибе алмасады.