Жунгли кітабы

Маугли кішкентай кезінен қасқырлардың арасында өскен.Бірақ Жунгли заңдары адам баласына арналмаған еді. Мауглидің ұстаздары дана Балу, кербез Багира мен әбжылан Каа оны нағыз батыр, адал бала етіп тәрбиелейді. Мауглидің қас жауы жолбарыс Шер Хан еді. Жолбарыспен айқас балаға жеңіс әкеле ме? Адам баласы жабайы табиғат заңдылықтарына бағына ала ма? Жунгли кітабы адам мен жануардың басты […]

Электр қуаты

Компьютер, тоңазытқыш және шамдар – электр қуатынан күш алады. Күнделікті қолданатын заттардың көбісі электрді қажет етеді. Бірақ электр дегеніміз не және қалай жұмыс істейді? Электр қуатының тылсым, терең сырын білу үшін көбірек білуге тырыс.

Жарық және оның әсері

Жарық жер бетінде кез келген нәрседен тез қозғалады.Бұл саған күн сайын түрлі түсті көйлек киюге мүмкіндік береді. Бірақ жарық деген не? Ол қайдан келеді? Бірақ, жарықтың біздің әлемді жарығырақ қылатыны анық.

Біз осындамыз

Жер шарының қасында адамдар кішкентай дақ секілді.Ғаламмен салыстырғанда Жер де кішкентай дақ болады. Ғаламның үлкендігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біздің шынымен де кішкентай екенімізді елестету қиын. Біз ғаламда өте кішкентай болсақ та әлі сол күрделі де қызықты жүйенің бір бөлшегіміз.

Кенішті мекен

Пайдалы қазбалар сарқылатын табиғи ресурс болып табылады.Олардың қайта қалпына келуі үшін миллиондаған жыл қажет. Пайдалы қазбалар деген не? Олар қалай жасалады? Қайда қолданамыз? Пайдалы қазбалар біздің өміріміздің бөлінбес бөлшегі.

Тізбектер

Сен бұрын-соңды адам миы қалай жұмыс істейтіні жайлы ойланған ба едің? Ал сматфондар қалай жұмыс істейді? Бұл өте қиын сұрақ болып көрінгенмен, тізбектер жайлы білсең көп нәрсені түсінесің.Ендеше, тізбектер жайлы біліміңді арттырып, ең маңызды сұрақтардың жауабын ал.

Ғалым нені байқайды?

Ол кім? Бұл не? Ғалымдар көптеген сұрақтарға жауап іздейді.Бұл сұрақтар өзге де сұраққа жол ашады. Айналаңа мұқият қарап, ғалым сияқты ойлан!

Жануарлардың сезімі

Көру, ұстау, дыбыстау, иіс пен дәм сезуді біз сезімдер деп атаймыз.Сезімдер бізге әлемді жақсырақ түсінуге көмектеседі. Ал жануарлардың сезімі жайлы не білесің? Балық судың астындағы дыбыстарды ести ме? Осы және басқа сұрақтардың жауабын бірге үйренейік!

Өндірушілер мен тұтынушылар

Әрбір тіршілік иесі өзінше маңызды рөл атқарады.Әрқайсысы өзінше бір пайдасын тигізіп жатыр. Қылтиып өскен шөптен, қауіпті қаршығаға дейін өмір циклінде өз ісін атқаруда.

Құпия бақ

Мәри Леннокс кішкене кезінен ата-анасынан жылылық пен мейірім көрмей өседі.Сол себептен мінезі ауыр, суық, дөрекі, бұйыра сөйлейтін өркөкірек қыз еді. Бірақ Үндістанға келген індеттен сұлу анасы көз жұмып, жалғыз қалған Мәри Лондонға көшуге мәжбүр болады. Тағдыр кішкене қызды үлкен иелікте жалғыз қалдырғандай болса да, бұл жердің сиқыры Мәриге ерекше әсер етті. Зәулім үйдің түпкір бөлмесінен […]

Арланның ұрпағы

Үлкен мекенжайда тіршілік етіп жатқан Бәк атты итті жайлы қонысынан ұрлап кетеді.Солтүстік Канаданың суық ауа райында басқа иттермен бір қатарда жүріп адамдар мен жүк тасуға тура келген Бәк жаңа қырынан ашыла бастайды. Түрлі адамның иелігінде болып, олардың итке деген қарым-қатынасынан өмірдің қандай екенін үйренеді. Аязды мекенде сағы сынбай, нағыз тағы болып шығуына ата-бабасының қаны мен […]

Оспан батыр

Бұл тарихи-көркем комикс 1940-1951 жылдар аралығында Шыңжаңдағы түркі халықтарының ұлт-азаттық күресінің басшысы болған Оспан батыр Исламұлына арналды.Шығармада Оспан батырдың ату жазасы орындалар алдындағы соңғы күндері берілген. Оның тергеушімен болған диалогі азаттық күрестің мән-мағынасы мен батыр бабаның ұрпаққа үлгі болар өмірінің кейбір сәттерін көрсетеді. Комиксті бала да, ересек оқырман да, тарихтан маңызды сабақ алады деп сенеміз.