Жунгли кітабы

Маугли кішкентай кезінен қасқырлардың арасында өскен.Бірақ Жунгли заңдары адам баласына арналмаған еді. Мауглидің ұстаздары дана Балу, кербез Багира мен әбжылан Каа оны нағыз батыр, адал бала етіп тәрбиелейді. Мауглидің қас жауы жолбарыс Шер Хан еді. Жолбарыспен айқас балаға жеңіс әкеле ме? Адам баласы жабайы табиғат заңдылықтарына бағына ала ма? Жунгли кітабы адам мен жануардың басты […]

Зертте

Білгеніміз бір тоғыз, білмегеніміз тоқсан тоғыз.Ал ғылыммен айналысу білмеген сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. Сұрақ қою, талдау жасау және тәжірибелер бізге құпия сырларды ашады. Ғалым болу әркімнің қолынан келеді.

Су циклі

Әрбір тіршілік суды қажет етеді.Су – тіршілік көзі. Ол бізді қоршап жатыр. Су циклі Жер бетінің түпкір-түпкірінде судың болуын қамтамасыз етеді.

Су көзі

Жер бетінің көп бөлігін су алып жатқанын білесің бе? Мұхит, өзен және көлдер су көзі болып табылады.Өзен мен көл тұщы суға жатады. Ал мұхит суы ащы болады. Тіршілік иелері су көзінің түріне қарай әр түрлі болады.

Күштер

Сенің әр бір қимылыңда күш бар.Ауа жұтқанда және қозғалғанда сен күш қолданасың. Жердің тартылыс күші бізді ауада ұшып кетпеуден сақтайды. Күшсіз біздің қозғалуға мүмкіндігіміз болмас еді!

Тозаңдандыру

Тірі ағзалар бір-біріне тәуелді.Жәндіктер, жел мен су өсімдіктің көбеюіне жағдай жасайды. Олар табиғатта маңызды рөл  атқарады. Олардың бір-бірінсіз күні жоқ.

Материя

Барлық зат материядан тұрады.Ал материя деген не? Материя сұйық, қатты немесе газ күйінде бола алады. Бұл материяның үш түрлі жағдайы.

Экожүйе

Жанды және жансыз заттар экожүйеде бірге өмір сүреді.Олар тірішлік ету үшін белгілі бір тепе-теңдікті сақтауы қажет. Өзің көрген экожүйелерді есіңе түсіріп көрші?!

Кішкентай ханшайым

Сара Кру – ақылды, парасатты әрі тәрбиелі қыз.Ол Үндістанда ханшайым секілді өмір сүретін. Әкесі Сарvvаны білім алуға Англияға алып келеді. Қыздың зерек мінезін меңгеруші Минчин ханым мүлдем жақтыртпады. Бір күні Сараның жақсы көретін адамы көз жұмады. Осы сәттен бастап оның өмірі күрт өзгерді. Минчин ханым оның кедей екенін біліп, қызметші қылады. Алайда Сара үмітін үзген […]

Бауырсақ қайдан келеді?

Үлпілдек бауырсақ қайдан келеді? Егіншілер ауылына келген Әлиханды осы сұрақ мазалайды.Сонда оған атасы патша мен диқаншы туралы ертегіні баяндап береді. Ертегі не жайында болды? Әлихан одан қандай ой түйді? Бұл ертегі баланы жүйелі ойлауға, кез келген қиындықтан шығудың жолы бар екенін көрсетеді. Еңбектену мен тапқырлықтың үлгісі болған ертегі кейіпкері баланы адал еңбекке ынталандырады.

Әлихан мен робот Уәли

Әлиханға бәрі қызық.Айналасын жақынырақ тану үшін сұрақ қоюдан жалықпайды. Бір күні оған әкесі сөйлей алатын робот сыйға тартады. Бұл сыйлық Әлиханның өміріне жаңа тыныс алып келеді. Адам мен роботтың достығы осылай басталады. Бірақ күндердің күнінде Әлихан сыйлығынан ажырауға мәжбүр болады… Бұл әңгіме баланы айналасына қызығып қарауға баулиды. Баланың шығармашылық қабілетін арттырып, сұрақ қоя білудің маңызын […]

Super-мен: Мансұрдың ерлігі

Мансұр ең жауапты кезеңге жақындады.Кәсіби футбол мектебінде өнер көрсету оған оңайға соқпайды. Алайда Мансұрдың өзі күтпеген жағдайлар орын алды. Жаңа белестерді бағындыру үшін Мансұр қандай амал қолданды?