Ай – жердің серігі

Ай – түнгі аспанның көркі.Ол кейде толысып жарқыраса, кейде қараңғыланып көзден таса болады. Ай – Жердің серігі, ол болмаса біздің ғаламшар мүлдем басқаша болар еді.
Климат

Ертең не киеміз деген сұрақ бәрін мазалайды.Ертең күн ыстық бола ма, суық бола ма? Біздің күн сайын не киетінімізді ауа райы анықтайды. Қай жерде қай мезгіл болатыны қызық па? Ендеше, бір жерде ұзақ уақыт бойы тұрған ауа райы жүйесін климат деп атайды.
Электромагнетизм

Электромагнетизм – бұл үлкен мағынасы бар сөз! Бірақ ол не? Сен оны көрмесең де, ол күшті жұмыс істейді.Оны түсіну ауыр болуы мүмкін, бірақ бөлшектеп қарасаң оңай.
Болжап көр!

Кейде біреу қызығып, сұрақ қояды.Ғалымдар тәжірибе арқылы өзінің болжамын тексеріп көреді. Болжам жасау ғылыми тәжірибеде маңызды рөл атқарады. Өзіңе қызық тақырыпта сұрақ қойып, іздеп, зерттеп және мүмкін болатын жауаптарды қарастыра отырып, болжам жасап көр!
Жер – ортақ үйіміз

Біз Жер деген планетада тұрамыз.Жер бізге қажет барлық ресурсты береді. Оған қауіп төнсе, барлығымызға әсер етеді. Адамдар да Жерге зиян тигізуі мүмкін. Жер бізге өз пайдасын тигізуді жалғастыруы үшін, біз де Жерді өз қамқорлығымызға алуымыз қажет.
Кім күшті?

Сен доп лақтырғанда ол ауада ұшып отырып, аздан соң жерге түседі.Бұл тартылыс күшінің нәтижесі. Егер тартылыс күші болмаса, не болар еді? Біз бұл сұраққа ойлана бермейміз. Алайда, бұл тылсым күш бәріне әсер етеді.
Балық көліне, бақа батпағына патша

Өз үйім – өлең төсегім.Не себепті туған жеріміз бізге ыстық? Ол жер саған керекті заттармен қамтамасыз етілген. Бірақ балыққа қажет нәрселер саған қажет болмауы мүмкін. Басқа тіршілік иелері өзінің мекені үшін басқа заттарды қажет етуі мүмкін.
Фотосинтез

Сен бір ағаштың дүкеннен азық сатып алғанын көрген бе едің? Әдетте олай емес.Өсімдіктер өзіне қажетті азықты түрлі жолмен өндіреді. Олар фотосинтез арқылы қоректенеді. Сен бір ағаштың дүкеннен азық сатып алғанын көрген бе едің? Әдетте олай емес. Өсімдіктер өзіне қажетті азықты түрлі жолмен өндіреді. Олар фотосинтез арқылы қоректенеді.
Хайди

Жастайынан жетім қалған Хайдиді тәтесі Дета Альпі тауларына алып келеді.Себебі бұл жерде оның жалғыз туысы, атасы бар еді. Енді Хайди атасының жанында тұратын болады. Мейірімді әрі жанашыр Хайди ауыл тұрғындарының өмірін жақсы жаққа өзгертеді. Бірақ аяқ асты үлкен қалаға көшкен Хайди атасымен қоштасады. Бөтен қалада ол жаңа құрбы тауып, өмір мектебінен өтеді. Хайди атасы мен […]
Хаклбери Финн

Хаклбери Финн еркіндікті сүйетін, адал әрі батыл бала еді.Досы Том Сойермен бірге алтын тапқаннан кейін өмірі күрт өзгерді. Уотсон ханым оны бала қылып асырап алды. Бірнеше айлап жоқ болып кеткен әкесі Хаклберидің ақшасын алып кетуге келді. Бостандықта өмір сүргісі келген Хаклбери өзен арқылы қашып кетеді. Бұл бостандық, құл азаттығы мен нағыз достықты көрсететін сапар болмақ. […]
Домалақ ана

Тұран даласының ерке аруы Нүрилә Бәйдібек батырға тұрмысқа шығады.Ақылына көркі сай анамыз елдің құрметіне бөленіп, Домалақ ана атанады. Үш бірдей ру Дулат, Албан, Суанның анасы болған Домалақ ананың халық ішінде сақталған аңыздарын бала тіліне сай өңдеп, көркем суретпен көмкердік. Домалақ анадай тұлғаның өмірі жас ұрпақты тарихты танып, елге құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Шырақ

Сақтардың парсы басқыншылығына қарсы күресі баршамызға мәлім.Ал мыңғырған парсы әскерін тізе бүктірген сақ батыры Шырақтың ерлігін естіген бе едің? Тапқыр әрі батыл Шырақтың ұрпаққа үлгі болар ерлігін комикс жанрына бейімдедік. Заманауи иллюстрация баланың оқиғаны оңай түсінуіне ыңғайлы. Бұл тарихи әңгіме баланы туған елдің тарихына қызығып, өткенге құрметпен қарауға үндейді.