4 сынып

DOSTAR 2: Димаш

Димаш пен оның достары жазғы демалыстарын қызықты өткізді.Димаш – ауылда ата-әжесінің қолында өскен бала. Атасы Димаштың туған күніне орай тай сыйлайды. Димаш өзіне адал дос таптым дегенде, қалаға көшуге мәжбүр болады. Енді Димаш Айжұлдыздан жырақтап қалмақ…

DOSTAR 2: Тимур

Тимур мақсатына өзі жету үшін әкесімен маңызды келісім шарт жасады.Бұл жолда ол сыныптасы Нұрбекпен бірігуі керек болды. Бірақ серігі Нұрбектің де өз жоспары бар. Екеуі ортақ мақсат үшін күш біріктіре ала ма?

DOSTAR 2: Адина

Адина TikTok желісінің биші жұлдыздарына еліктеп, би өнерін меңгеруге кіріседі.Телешоуға байқау болатынын естіген Адина аз уақытта тележұлдызға айналуға бел буды. Адина қарсыластары Лаура мен Әнелді қалай жеңбек? Бұл жолы Түнек қандай жоспар құрды?

DOSTAR 2: Гена

Генаға бұл жыл жақсы жаңалықпен басталды.Анасының Генаның жанында қалатыны әлі де түс секілді. Алайда бұл жолы Гена мен анасын үлкен сынақ күтіп тұрған еді. Генаның анасы оның тұйық мінезін ашу үшін театр мектебіне жібереді. Сахнадан қорқатын Гена өзін қалай ұстады?