ІЗДЕУ

Әдебиетіміздің бүгінгі күн талабына сай шығармалары осы оқулықтарымыздан табылады. Бұл кітаптар оқушыларға қазақ тілін дамыту үшін қосымша құрал ретінде ұсынылады. Кітапта озық теориялар мен этнопедагогикалық, гуманистік идеялары сұрыпталып алынып, бүгінгі жас ұрпақты еліміздің патриотизм рухында тәрбиелеу мақсаты көзделген.

Ал бұл еңбектің тәлімдік мәні мен мазмұнын сөз етсек, ол оқушылардың әдеби шығармаларды жеңіл тілмен оқып үйреніп, қазақ тілінде сөйлеп, өзін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар оқушының дүниетанымдық көзқарасы мен жеке тұлға ретіндегі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, дамытуға өз үлесін қосады деп білеміз.

Бұл кітап жазылу барысында авторлар тарапынан баланың ішкі жандүниесі мен қазақ тілін білу деңгейі, жас және жеке ерекшеліктері ескерілді. Осылайша белсенді қазақ тілін үйренуге іс-әрекет жасауына, сөйтіп сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық белсенділік көрсетуіне, сондай-ақ әр оқушының өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына үлес қосу көзделген.

Қорыта келе айтарымыз, бұл оқулық баланың қазақ тілін оқып үйренуде тиімді әрі дұрыс қосымша құрал болатынына сенім білдіреміз.

Здесь все 5 товаров

Көрсету