Бала және Ғалам сериясы

Электр қуаты

Компьютер, тоңазытқыш және шамдар – электр қуатынан күш алады. Күнделікті қолданатын заттардың көбісі электрді қажет етеді. Бірақ электр дегеніміз не және қалай жұмыс істейді? Электр қуатының тылсым, терең сырын білу үшін көбірек білуге тырыс.

Жарық және оның әсері

Жарық жер бетінде кез келген нәрседен тез қозғалады.Бұл саған күн сайын түрлі түсті көйлек киюге мүмкіндік береді. Бірақ жарық деген не? Ол қайдан келеді? Бірақ, жарықтың біздің әлемді жарығырақ қылатыны анық.

Біз осындамыз

Жер шарының қасында адамдар кішкентай дақ секілді.Ғаламмен салыстырғанда Жер де кішкентай дақ болады. Ғаламның үлкендігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Біздің шынымен де кішкентай екенімізді елестету қиын. Біз ғаламда өте кішкентай болсақ та әлі сол күрделі де қызықты жүйенің бір бөлшегіміз.

Кенішті мекен

Пайдалы қазбалар сарқылатын табиғи ресурс болып табылады.Олардың қайта қалпына келуі үшін миллиондаған жыл қажет. Пайдалы қазбалар деген не? Олар қалай жасалады? Қайда қолданамыз? Пайдалы қазбалар біздің өміріміздің бөлінбес бөлшегі.

Тізбектер

Сен бұрын-соңды адам миы қалай жұмыс істейтіні жайлы ойланған ба едің? Ал сматфондар қалай жұмыс істейді? Бұл өте қиын сұрақ болып көрінгенмен, тізбектер жайлы білсең көп нәрсені түсінесің.Ендеше, тізбектер жайлы біліміңді арттырып, ең маңызды сұрақтардың жауабын ал.

Жануарлардың сезімі

Көру, ұстау, дыбыстау, иіс пен дәм сезуді біз сезімдер деп атаймыз.Сезімдер бізге әлемді жақсырақ түсінуге көмектеседі. Ал жануарлардың сезімі жайлы не білесің? Балық судың астындағы дыбыстарды ести ме? Осы және басқа сұрақтардың жауабын бірге үйренейік!

Климат

Ертең не киеміз деген сұрақ бәрін мазалайды.Ертең күн ыстық бола ма, суық бола ма? Біздің күн сайын не киетінімізді ауа райы анықтайды. Қай жерде қай мезгіл болатыны қызық па? Ендеше, бір жерде ұзақ уақыт бойы тұрған ауа райы жүйесін климат деп атайды.

Болжап көр!

Кейде біреу қызығып, сұрақ қояды.Ғалымдар тәжірибе арқылы өзінің болжамын тексеріп көреді. Болжам жасау ғылыми тәжірибеде маңызды рөл атқарады. Өзіңе қызық тақырыпта сұрақ қойып, іздеп, зерттеп және мүмкін болатын жауаптарды қарастыра отырып, болжам жасап көр!