Қазақ және әлем әдебиеті

Жунгли кітабы

Маугли кішкентай кезінен қасқырлардың арасында өскен.Бірақ Жунгли заңдары адам баласына арналмаған еді. Мауглидің ұстаздары дана Балу, кербез Багира мен әбжылан Каа оны нағыз батыр, адал бала етіп тәрбиелейді. Мауглидің қас жауы жолбарыс Шер Хан еді. Жолбарыспен айқас балаға жеңіс әкеле ме? Адам баласы жабайы табиғат заңдылықтарына бағына ала ма? Жунгли кітабы адам мен жануардың басты …

Жунгли кітабы Read More »

Құпия бақ

Мәри Леннокс кішкене кезінен ата-анасынан жылылық пен мейірім көрмей өседі.Сол себептен мінезі ауыр, суық, дөрекі, бұйыра сөйлейтін өркөкірек қыз еді. Бірақ Үндістанға келген індеттен сұлу анасы көз жұмып, жалғыз қалған Мәри Лондонға көшуге мәжбүр болады. Тағдыр кішкене қызды үлкен иелікте жалғыз қалдырғандай болса да, бұл жердің сиқыры Мәриге ерекше әсер етті. Зәулім үйдің түпкір бөлмесінен …

Құпия бақ Read More »

Арланның ұрпағы

Үлкен мекенжайда тіршілік етіп жатқан Бәк атты итті жайлы қонысынан ұрлап кетеді.Солтүстік Канаданың суық ауа райында басқа иттермен бір қатарда жүріп адамдар мен жүк тасуға тура келген Бәк жаңа қырынан ашыла бастайды. Түрлі адамның иелігінде болып, олардың итке деген қарым-қатынасынан өмірдің қандай екенін үйренеді. Аязды мекенде сағы сынбай, нағыз тағы болып шығуына ата-бабасының қаны мен …

Арланның ұрпағы Read More »

Оспан батыр

Бұл тарихи-көркем комикс 1940-1951 жылдар аралығында Шыңжаңдағы түркі халықтарының ұлт-азаттық күресінің басшысы болған Оспан батыр Исламұлына арналды.Шығармада Оспан батырдың ату жазасы орындалар алдындағы соңғы күндері берілген. Оның тергеушімен болған диалогі азаттық күрестің мән-мағынасы мен батыр бабаның ұрпаққа үлгі болар өмірінің кейбір сәттерін көрсетеді. Комиксті бала да, ересек оқырман да, тарихтан маңызды сабақ алады деп сенеміз.

Бопай ханым

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы тарих сахнасынан жойылып кетуге сәл-ақ қалды.Сол кезде Кіші жүздің ханы Әбілқайыр қазақ халқының тағдырын түбегейлі өзгерткен шешім қабылдады. Қиын заманда оның жанынан жан жары Бопай табылды. Ол тек әйелдік міндетін атқарып қоймай, ел билігіне де араласты. Сонау қилы заманда елі мен жері үшін күрескен Бопай ханым жайлы не білеміз? Оны …

Бопай ханым Read More »

Хайди

Жастайынан жетім қалған Хайдиді тәтесі Дета Альпі тауларына алып келеді.Себебі бұл жерде оның жалғыз туысы, атасы бар еді. Енді Хайди атасының жанында тұратын болады. Мейірімді әрі жанашыр Хайди ауыл тұрғындарының өмірін жақсы жаққа өзгертеді. Бірақ аяқ асты үлкен қалаға көшкен Хайди атасымен қоштасады. Бөтен қалада ол жаңа құрбы тауып, өмір мектебінен өтеді. Хайди атасы мен …

Хайди Read More »

Хаклбери Финн

Хаклбери Финн еркіндікті сүйетін, адал әрі батыл бала еді.Досы Том Сойермен бірге алтын тапқаннан кейін өмірі күрт өзгерді. Уотсон ханым оны бала қылып асырап алды. Бірнеше айлап жоқ болып кеткен әкесі Хаклберидің ақшасын алып кетуге келді. Бостандықта өмір сүргісі келген Хаклбери өзен арқылы қашып кетеді. Бұл бостандық, құл азаттығы мен нағыз достықты көрсететін сапар болмақ. …

Хаклбери Финн Read More »

Домалақ ана

Тұран даласының ерке аруы Нүрилә Бәйдібек батырға тұрмысқа шығады.Ақылына көркі сай анамыз елдің құрметіне бөленіп, Домалақ ана атанады. Үш бірдей ру Дулат, Албан, Суанның анасы болған Домалақ ананың халық ішінде сақталған аңыздарын бала тіліне сай өңдеп, көркем суретпен көмкердік. Домалақ анадай тұлғаның өмірі жас ұрпақты тарихты танып, елге құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Шырақ

Сақтардың парсы басқыншылығына қарсы күресі баршамызға мәлім.Ал мыңғырған парсы әскерін тізе бүктірген сақ батыры Шырақтың ерлігін естіген бе едің? Тапқыр әрі батыл Шырақтың ұрпаққа үлгі болар ерлігін комикс жанрына бейімдедік. Заманауи иллюстрация баланың оқиғаны оңай түсінуіне ыңғайлы. Бұл тарихи әңгіме баланы туған елдің тарихына қызығып, өткенге құрметпен қарауға үндейді.

Кішкентай ханшайым

Сара Кру – ақылды, парасатты әрі тәрбиелі қыз.Ол Үндістанда ханшайым секілді өмір сүретін. Әкесі Сарvvаны білім алуға Англияға алып келеді. Қыздың зерек мінезін меңгеруші Минчин ханым мүлдем жақтыртпады. Бір күні Сараның жақсы көретін адамы көз жұмады. Осы сәттен бастап оның өмірі күрт өзгерді. Минчин ханым оның кедей екенін біліп, қызметші қылады. Алайда Сара үмітін үзген …

Кішкентай ханшайым Read More »

Бауырсақ қайдан келеді?

Үлпілдек бауырсақ қайдан келеді? Егіншілер ауылына келген Әлиханды осы сұрақ мазалайды.Сонда оған атасы патша мен диқаншы туралы ертегіні баяндап береді. Ертегі не жайында болды? Әлихан одан қандай ой түйді? Бұл ертегі баланы жүйелі ойлауға, кез келген қиындықтан шығудың жолы бар екенін көрсетеді. Еңбектену мен тапқырлықтың үлгісі болған ертегі кейіпкері баланы адал еңбекке ынталандырады.

Әлихан мен робот Уәли

Әлиханға бәрі қызық.Айналасын жақынырақ тану үшін сұрақ қоюдан жалықпайды. Бір күні оған әкесі сөйлей алатын робот сыйға тартады. Бұл сыйлық Әлиханның өміріне жаңа тыныс алып келеді. Адам мен роботтың достығы осылай басталады. Бірақ күндердің күнінде Әлихан сыйлығынан ажырауға мәжбүр болады… Бұл әңгіме баланы айналасына қызығып қарауға баулиды. Баланың шығармашылық қабілетін арттырып, сұрақ қоя білудің маңызын …

Әлихан мен робот Уәли Read More »